Жиі қойылатын сұрақтар
Техникалық мәселелер:
Roqed лицензиямды басқа компьютерге қалай тасымалдаймын?
Лицензияны бір құрылғыдан екіншісіне тасымалдау үшін support@roqed.com мекенжайы бойынша техникалық қолдау қызметіне хабарласуыңыз керек.
Лицензияларымның басталу және аяқталу күнін қалай білемін?
Қолданбадағы жеке кабинетіңізге кіріп, лицензия кілтінің аяқталуына дейінгі күндер санын және мерзімін көре аласыз.
Бағдарламаны қалай жаңартамын?
Қолданбаның жаңа нұсқасы шыққаннан кейін, бағдарлама іске қосылғанда жаңарту сұрауы автоматты түрде шығады. Roqed қолданбаларын жаңарту үшін интернет байланысы қажет. Мобильді нұсқада жаңарту Play Market немесе App Store арқылы жүзеге асады.
Бағдарламаға өз суреттерім мен модельдерімді қоса аламын ба?
Қолданбадағы қолдау түймесі арқылы сұраныс жібере аласыз, біздің әзірлеушілер сізбен байланысады.
Roqed Science-ке пікір мен қателер туралы есепті қалай жіберемін?
«Хабарлама жіберу» түймесін басу арқылы қолданбадан хабарламаңызды жаза аласыз. Сондай-ақ https://roqed.com/contact-us/ сілтемесіне өтіп, кері байланыс формасын толтырып, хабарламаңызды қалдыра аласыз.
Тегін сынақтар:
Roqed қолданбаларының сынақ нұсқасын қайдан жүктеп аламын?
Қолданбалардың тегін демоларын жүктеп алу үшін https://roqed.com/downloads мекенжайындағы Сатып алу бетіне кіріңіз
Бұрын сынақ нұсқасын жүктеп алып, Roqed өнімдерін сатып алмаған болсам не болады? Сынақ нұсқасын қайтадан жүктей аламын ба?
Иә, жүктей аласыз, бірақ ДЕМО нұсқада қалған модельдерге қолжетімділік шектеулі болады.
Бағдарламаны қалай жаңартамын (мерзімін ұзартамын)?
Біздің сату серіктестерімізге хабарласып, лицензия кілтін ұзартуды сатып алуыңыз керек.
Сатып алу нұсқалары:
Белсендіру кілті дегеніміз не?
Белсендіру кілті — Roqed қолданбаларын толық пайдалану үшін белсендіру өрісіне енгізілуі тиіс арнайы таңбалар жиыны. Белсендіру кілті біздің сату серіктестерімізден сатып алынады.
Roqed қолданбаларының лицензиясын қалай сатып аламын?
Баға, қолжетімділік және өнімді сатып алуды талқылауға дайын болғанда, біздің сату менеджерімізге хабарласуыңыз керек. Ол үшін https://roqed.com/contact-us/ сілтемесіне өтіп, форманы толтырыңыз. Біздің маман сізбен мүмкіндігінше тез байланысады.
Франшизаны қалай аламын?
Франшиза нұсқасы жоқ.
Дистрибьютор қалай бола аламын?
https://roqed.com/contact-us/ формасы арқылы бізге хабарласыңыз, біз мүмкіндігінше тез жауап береміз.
Roqed қолданбаларымен жұмысты қалай бастаймын?
Бастау үшін мазмұн веб-бетін қараңыз немесе вебсайттағы форма арқылы бізге хабарласыңыз. Сондай-ақ бейне нұсқаулықтар үшін біздің Youtube арнамызды қарай аласыз