ROQED Блогы12 наурыз 2021

Болашақ білімі.

Болашақтың білімі қандай болады? Бүгінгі оқытуда неге назар аудару керектігін түсіну үшін бірнеше жыл алға қарайық.

Болашақ білімі.

Болашақтың білімі қандай болады?

Бүгінгі оқытуда неге назар аудару керектігін түсіну үшін бірнеше жыл алға қарайық.

  • Геймификация
    Сарапшылар 15–20 жылдан кейін оқытудың негізгі формалары ойын мен командалық жұмыс болатынын болжайды.
    Геймификация қателерге деген көзқарасты өзгертеді — олар сәтсіздік емес, процестің бөлігіне айналады. Миссияны қайта өту мүмкіндігі — компьютерлік ойындағы маңызды қағида. Шешімді қалағанша іздеп, әр жолы жаңа нұсқалар табуға болады.

  • Иммерсивті оқыту
    Болашақтың білімінде ескірген оқулықтар мен біркелкі дәрістер болмайды. Балалар мектеп пәндерін виртуалды және толықтырылған шындық технологияларының көмегімен оқиды. Мысалы, VR-дулыға киіп, бала тарихи оқиғаларды бақылап, тіпті оларға қатыса алады!
    Мұндай оқыту иммерсивті деп аталады, ол «қатысу әсерін» тудырады және нақты әлемде мүмкін емес тәжірибені сезінуге мүмкіндік береді. Ми нақты оқиғалар мен сапалы симуляцияларды ажыратпайтындықтан, VR және AR технологиялары онлайн-білім берудегі «тірі» қарым-қатынас мәселесін шешу ықтималдығы жоғары.

  • Болашақ құзыреттіліктері
    Технологиялардың дамуымен мамандарға жаңа құзыреттіліктер қажет болады — болашақта жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылардың шамамен 35%-ы өзгереді. Оларға бағдарламалау, креативті және сыни ойлау, эмоциялық интеллект және өмір бойы оқу жатады.
    Еңбек нарығындағы өзгерістер мектеп біліміне де әсер етеді. Ол индустриялық модельден алшақтап, икемдірек болады.