ROQED Блогы12 наурыз 2021

Жаңа тамаша сахналар қосылды!

ROQED Science бағдарламасы: жаңарту. Жаңа сахналар қосылды. «Химия» санаты: күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздер.

Жаңа тамаша сахналар қосылды!

ROQED Science бағдарламасы:

Жаңарту.

Жаңа сахналар қосылды.

«Химия» санаты:

  • Күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздер.
    Қышқылдар — сутектен және қышқыл қалдығы A-дан тұратын заттар. Қышқылдар су ерітінділерінде иондарға ыдырайды. Күшті және әлсіз қышқылдар болады.

  • Химиялық реакция жылдамдығы.
    Судағы C дәрумені таблеткасының реакциясын қарастырайық. Таблетканы суға салғанда, таблетка компоненттері арасында көмірқышқыл газының бөлінуімен реакция жүреді. Ерітінді ашық сары түске боялады.

  • Оксидтердің химиялық қасиеттері.
    Оксидтер — біреуі оттек болатын екі элементтен тұратын қосылыстар. Оксидтер негіздік (мысалы, натрий оксиді), қышқылдық (мысалы, фосфор оксиді) және амфотерлік (мысалы, бериллий оксиді) болып бөлінеді.

«Анатомия» санаты:

  • Ішкі секреция бездері және олардың гормондары.
    Эндокриндік жүйе — қанға химиялық молекулаларды, атап айтқанда гормондарды бөлетін бездер жүйесі. Гормондар жүйке жүйесінің электрлік сигналдарына қарағанда баяуырақ әрекет етеді. Гормондар қан ағысымен қозғалып, бүкіл организмге әсер етеді.

  • Жүйке-бұлшықет синапсы.
    Жүйке-бұлшықет синапсы — қозғалтқыш нейрон мен бұлшықет талшығы арасындағы химиялық синапс. Ол қозғалтқыш нейронға бұлшықет талшығына сигнал беруге мүмкіндік беріп, бұлшықеттердің жиырылуын тудырады.

«Физика» санаты:

  • Заттардың әртүрлі агрегаттық күйдегі молекулалары (қатты, сұйық, газ тәрізді).
    Бұрыштық және сызықтық жылдамдықтың формулаларын білеміз. Оларды салыстыра отырып, олардың арасындағы ұқсастықты көріп, екі формуланы біріктіре аламыз. Бірдей бұрыштық жылдамдығы бар нысандар радиустың айырмашылығына байланысты әртүрлі сызықтық жылдамдықпен қозғала алатыны белгілі болады.

«Жасуша биологиясы» санаты:

  • Глобулалық және фибриллалық ақуыз.
    Ақуыздың үшіншілік құрылымының екі класы
    Үшіншілік құрылымдағы ақуыздарды екі класқа бөлуге болады — глобулалық және фибриллалық ақуыздар. Фибриллалық ақуыздар ұзын әрі жіңішке, ал глобулалық ақуыздар сфералық.